Кітапхана туралы

ММ «Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы»
ГУ «Районная библиотека Акима Илийского района»

Бүгінгі таңда аудан тұрғындарына 12 кітапхана  қызмет көрсетеді.  

1 — Іле аудандық, 1- аудандық балалар кітапханасы, 2 — ауылдық балалар кітапханасы: Боралдай ауылдық балалар кітапханасы, Ақши ауылдық балалар кітапханасы, 8- ауылдық кітапхана: Жетіген, Қараой, Чапай, КазЦИК, Ащыбұлақ, Ақши, Боралдай, Междуречинск.

Кітапханада оқырмандарға уақыт талабына сай сапалы қызмет  көрсету мүмкіндіктері мол. Әлемдік ақпараттық кеңістікке Интернет желісіне – 5 кітапхана  модем арқылы қосылған. Интернет желісі  арқылы  сұраныспен келген әрбір оқырманның сұранысын толық қанағаттандырып отырмыз.Кітапханада толық мәтіннің негізі  жазылған  мәліметтер – CD-ROM–дар бар.   Электрондық пошта: ilibibl2004@mail.ru»  (арқылы , республика , аудан , мектеп кітапханаларымен байланысқа  шығып, олардан келіп түскен сұраныстарына жауап беру, электронды  жіберу арқылы    іске асады. Кітапханаларда деректер базаларын қалыптастыру, қашықтағы пайдаланушылардың әр алуан  ақпарат ресурстарына  еркін, жедел енуді ұсыну, сервис сапасын дамыту  және инновациялық ақпараттық  технологиялар  негізінде ақпараттық қызметтің тізбесін кеңейту, кітапханалардың бейіні бойынша тақырыптық деректер базаларын жасау  жұмыстарын жүргізу міндеттеледі.Заман талабына сай жастарға  өркениетті қызмет көрсету, кітапханаларға берілген жаңа технологияларды  жастардың  кеңінен қолданып, кітапханалардың бүгінгі қоғамда  қажетті ақпарат орталығы екендігін дәлелдеп, беделін көтеру басты  мақсатымыз.

Кітапханалық  қызмет көрсетудегі негізгі принципіміз- тегін қызмет көрсету. Оқырмандар  кітапханалық-ақпараттық қызметтерінің  негізгі түрлерін тегін алуға құқылы. Олар:кітапхана қоры туралы каталогтар және картотекалар арқылы және кітапханалық ақпараттандырудың басқа да формалары арқылы толық ақпараттандыру;

ақпарат дереккөздерін таңдау және іздеу кезінде кеңестік көмек;

уақытша пайдалануға (оқу залдарында және абонементте — үйге) кітап қорынан сирек басылымдардан басқа құжаттарды алуға;

Интернет желісі бойынша қызмет көрсетуді;

Электронды каталогты;

«Іле таңы» атты мерзімдік басылымдар дерекқорларының толық мәтінін;

«Зерде,Өлкетану,Ауылым –алтын бесігім»  мәліметтер базасын пайдаланады.

Реклама